KZ  RU 

"Туған жер" арнайы жобасы

15.06.22 ж. Ерейментау ауданының орта сынып оқушылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында Ақмола облысының білім басқармасының "Балалардың-жасөспірімдердің туризм, өлкетану және экология орталығы» «Тыныс» АҚ-на келді.

Кәсіпорынның жас қонақтары цехтардың өндірістік процестерімен танысты, амуниция және азаматтық өнім өндірісіндегі жұмыс кезеңдері туралы білді, өндірістік алаңдардың ауқымына таң қалды. Бұл экскурсия танымдық та, нұсқаулық та сипатқа ие болды, мысалы, балалар химия мен физиканың белгілі заңдары өндірісте қалай жұмыс істейтінін көре алды.
Сондай-ақ, біздің қонақтар үшін зауыт өндірісі мен өнімдері туралы сұрақ - жауап ойыны өткізілді. Балалар мұқият болып, арта қызығушылықтарын танытты.
Осы қасиеттердің арқасында олардың әрқайсысы «Тыныс» АҚ-нан сыйлықтар мен кәдесыйларға ие болды.
Экскурсия барысында және викторина қорытындысы бойынша балалар инженерлер мен технологтардың жұмысына қызығушылық танытты. Балалардың көбі бұрын бұл мамандықтар қызықсыз деп ойлағанын мойындады, бірақ нақты кәсіпқойлармен танысқаннан кейін, керісінше болашақта олар да техникалық мамандықты таңдағысы келетінің айтты.
Біз балаларға зауыттың өмірін көрсетуге қуаныштымыз және болашақта бұл балалар таңдаған мамандықтарының лайықты өкілдері болады деп үміттенеміз!