Астана қаласындағы «Aselsan Engineering» ЖШС өндірістік алаңында ҚР ТЖМ қажеттіліктері үшін қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары шығаратын өнімдердің көрмесі өтті. Іс-шараға мемлекеттік және жеке зауыттар, отандық тауар өндірушілер қатысты.
«Тыныс» АҚ «Көкшетау-4П» ӨЖЖ аппараттарын, өрт сөндіргіштерді (ұнтақ, көмірқышқыл газды) жене өрт жеңдері ұсынды.
Іс-шараға өртке қарсы қызмет комитетінің, Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің, ТЖ жою департаментінің, ТЖ алдын алу департаментінің, ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс департаментінің басшылығы мен мамандары қатысты.
Келушілер кәсіпорын өнімдерімен танысты, сондай-ақ көрме қонақтарының қатарында шетелдік компаниялардың өкілдері болды.
"Тыныс" АҚ ынтымақтастық нұсқалары мен жеке қорғаныс құралдарын өндіру үшін материалдарды жеткізу мүмкіндіктері ұсынылды.
Мәселен, 07.02.23 ж. зауыт қабырғасында өндірістік бөлімшелердің және кәсіпорын басшылығының қатысуымен осындай компаниялардың бірінің өкілімен кездесу өтті.