Осы жылдың 21 маусымында Нұр-сұлтан қ. «Kazakhstan Aselsan Engineering» ЖШС базасында ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттарына арналған ҚӨК кәсіпорындарының өнімдерінің көрмесі өтті..
Көрмеге «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахманов қатысты. Аталған көрме ҚР ИИДМ қолдауымен ұйымдастырылды. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары ұсынылған өніммен танысып, ҚР ҚӨК өндірістегі проблемалық мәселелер мен перспективалық бағыттар талқыланды.
Көрме қонақтары «Тыныс» АҚ өнімдерінің сапасын атап өтті, бронепанельдер мен өрт сөндіру құралдарына ерекше назар аударылды.