«Тыныс» АҚ Қазақстан Республикасының аумағында парашют техникасын өндіру бойынша стратегиялық жобаны іске асыруда

«Тыныс» АҚ Қазақстан Республикасының аумағында парашют техникасын өндіру бойынша стратегиялық жобаны іске асыруда, бұл ұлттық қорғаныс әлеуетінің дамуына және технологиялық тәуелсіздіктің нығаюына мүмкіндік береді.

 

2024 жылы «Тыныс» АҚ мен Ресейдің «Технодинамика» АҚ холдингі арасында технологиялық әріптестік жөніндегі келісімге қол қойылды. Осы ынтымақтастық аясында кәсіпорын қазіргі заманғы парашют жүйелерінің желісіне қол жеткізді. Бұл жүйелер ҰҚШҰ шеңберінде әзірленіп, сертификатталған.

 

Бүгінгі күні «Тыныс» АҚ «Технодинамика» АҚ холдингі компаниялары тобы әзірлеген барлық парашют өнімдерінің түрлерін шығарады, соның ішінде:

  • десанттық парашюттер;
  • құтқару парашюттері;
  • тежеу парашюттері;
  • жүк тасымалдау парашюттері;
  • авиациялық қару-жараққа арналған парашюттер;
  • мамандандырылған жүйелер.

Өндіріс ірі тораптық құрастыру әдісімен ұйымдастырылған, локализация деңгейі кезең-кезеңімен арттырылуда. Кәсіпорын аумағында қажетті жабдықпен қамтамасыз етілген заманауи өндірістік цехтар жұмыс істейді. Барлық өндірістік процестер ҚР Қорғаныс министрлігінің талаптарына сәйкес жүргізіледі, ал өнім міндетті инспекциядан, сертификаттаудан және сынақтан өтеді.

 

2024 жылы «Тыныс» АҚ индустриялық сертификат арқылы расталған «отандық тауар өндіруші» мәртебесін алды. Сондай-ақ, кәсіпорын ресми түрде «парашют-десанттық мүлік» бағыты бойынша мемлекеттік қорғаныс тапсырысының жеткізушілер тізіліміне енгізілді.

 

«Тыныс» АҚ негізінде шығарылған парашют өнімдері десанттық-шабуылдаушы әскерлерде әскерлік сынақтан сәтті өтіп, пайдалануға жарамды деп танылды. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қолбасшылығы «Тыныс» АҚ парашют техникасын қолдануға дайын екендігін білдірді.

 

«Тыныс» АҚ парашют бағытын дамытуды басым бағыттардың бірі ретінде қарастырады және өндірістік пен кадрлық әлеуетін нығайтуды жалғастыруда. Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және халықаралық әріптестердің мүддесінде ірі көлемді тапсырыстарды орындауға дайын.