2026 жылғы 11 ақпанда «Тыныс» АҚ зауытында кәсіпорынның Бас директоры Қалманбаев Қайрат Жаныбайұлының еңбек ұжымымен кездесуі өтті.

Кездесу барысында мемлекеттік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Негізгі тақырыптар:

1. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі және оның негізгі өзгерістері;
2. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы және оның елдің одан әрі дамуы үшін маңызы.

Қайрат Жаныбайұлы жаңартылған Салық кодексінің негізгі ережелеріне жан-жақты тоқталып, салықтық әкімшілендіру, бизнес пен азаматтардың міндеттемелеріне қатысты өзгерістерді түсіндірді, сондай-ақ жаңа заңнамалық талаптарға уақтылы бейімделудің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасына ерекше назар аударылды. Ашық диалог форматында ұсынылып отырған өзгерістер мен олардың заң үстемдігін нығайтуға, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге және мемлекеттің орнықты дамуына ықпалы талқыланды. Бас директор әрбір азаматтың белсенді ұстанымы мен қоғамдық маңызы бар үдерістерге қатысуының маңызын атап өтті.

Кездесу сындарлы әрі мазмұнды пікір алмасу форматында өтті. Кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауаптар алды.

«Тыныс» АҚ қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және Қазақстан Республикасының тұрақтылығы мен дамуына бағытталған бастамаларды қолдау бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.