2025 жылғы 8–10 тамыз аралығында Абай облысының Қарауыл ауылында Ұлы ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына арналған мерекелік іс-шаралар салтанатты түрде өтті.
Мерейтой мемлекеттік органдардың, өңірлік әкімдіктердің, шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің және отандық кәсіпорындардың белсенді қолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шараға Абай облысының барлық аудандары қатысып, өңірдің мәдени, қолөнер және экономикалық ерекшеліктерін таныстырды.
Абай Құнанбаевтың 180 жылдығын мерекелеу — жай ғана салтанатты оқиға емес, бүкіл елді қамтыған рухани, мәдени еске алу шараларының онкүндігіне айналды. Бұл мерейтой халықтың ұлттық рухын көтеріп, ұлы ойшылдың мұрасын жаңа қырынан танытуға үлкен үлес қосты.

Screenshot

Screenshot

Screenshot

Screenshot

Screenshot

Screenshot

Screenshot

Screenshot