«Тыныс» АҚ отандық тұрмыстық газ баллондарын өндіруді бастады.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 65–70 мың баллон шығаруға мүмкіндік береді, бұл ұлттық өнеркәсіп әлеуетін нығайтуға және өнімнің жергілікті үлесін арттыруға ықпал етеді.

Бұған дейін ҚР Премьер-министрі атап өткендей, мемлекет отандық өндірушілерді белсенді түрде қолдайды. Өнеркәсіп алдында жоғары деңгейдегі жергіліктендірумен өндірістік цикл қалыптастыру және кәсіпорындардың тиімділігін арттыру үшін өндірісті уақтылы жаңғырту міндеттері тұр. «Тыныс» АҚ базасында жобаны іске асыру осы бағыттағы нақты қадам болды.

Тұрмыстық газ баллондары газбен жабдықтау жүйесінің маңызды элементі болып табылады. Урбанизацияның жеделдеуі мен ресурстарды тұтынудың артуы жағдайында өнім қауіпсіздігі мен экологиялық талаптары ерекше маңызға ие. Отандық өндірісті іске қосу және ескірген баллондарды кезең-кезеңімен заманауи бұйымдарға ауыстыру пайдалану тәуекелдерін азайтып, халықты өмірлік қажеттіліктер үшін қолжетімді әрі сенімді өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Screenshot