«Тыныс» АҚ арбаларға арналған электрқұрылғылар өндірісін бастайды
Біз, «Тыныс» АҚ, әлеуметтік маңызы жоғары жаңа жобаны – мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арбаларға электрқұрылғылар өндіру ісін қолға алдық. Келесі жылдан бастап бұл құрылғылар Көкшетау қаласындағы өндірістік алаңымызда құрастырылатын болады.
Алғашқы кезеңде 300 дана өнім шығару жоспарланған. Олар Ақмола облысының тұрғындарына берілмек. Қосымша тапсырыстар түскен жағдайда біз еліміздің барлық өңірлерін қажетті өніммен қамтамасыз етуге дайынбыз. Кәсіпорынның өндірістік қуаты 300 дана электрқұрылғыны небәрі 2–3 апта ішінде құрастыруға мүмкіндік береді, себебі зауытта барлық қажетті материалдық-техникалық база жасақталған.
«Тыныс» АҚ техникалық директоры Александр Иванович Шаврин атап өтті:
«Биыл біз жаңа жобаны жүзеге асыру бойынша тапсырыс алдық – бұл мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арбаларға электрқұрылғылар шығару. Біздің мамандар мен өндірістік цехтар бұл іске толық дайын. Келесі жылы 300 данасын шығаруды жоспарлап отырмыз, ал кейін өндіріс көлемін 6 мың данаға дейін арттыруға әлеуетіміз бар. Сонымен қатар, біз екінші бағыт ретінде газ баллондарын шығару ісін дамытуды жоспарлап отырмыз. Бұл салада да зауытымыздың мол тәжірибесі бар».
