«Тыныс» АҚ Алматы қаласында өткен «LPG Expo – Kazakhstan 2025» 6-шы Азия-Тынық мұхиты сұйытылған мұнай газы көрмесіне белсенді қатысты

Іскерлік бағдарлама аясында техникалық департаменттің басшысы — бас технолог Малгаждаров Ерғали Қайыржанович панельдік сессияға қатысып, тұрмыстық газ баллондарын өндіру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Спикерлер заманауи сапа стандарттары, озық технологиялар және өнімнің сенімділігін арттыруға бағытталған тәсілдер жөнінде пікір алмасты.

Іс-шараға қатысу «Тыныс» АҚ-ның іскерлік байланыстарын нығайтып, газ саласы үшін жабдық өндіретін кәсіпорындардың бірі екенін айқындай түсті.