Стамбул қаласында IDEF 2025 атты 17-ші Халықаралық қорғаныс өнеркәсібі көрмесі өз мәресіне жетті. Аталған іс-шараға біздің зауыт — «Тыныс» АҚ өкілдері қатысты.
IDEF — бұл қорғаныс саласындағы заманауи жетістіктер ұсынылатын ауқымды халықаралық платформа. Онда гипердыбыстық зымырандардан бастап заманауи ұшқышсыз ұшу аппараттарына дейінгі жаңа технологиялар көрсетілді.
Мұндай ірі халықаралық іс-шараға қатысу бізге қорғаныс өнеркәсібі саласындағы жаһандық көшбасшылардың соңғы жетістіктерімен танысуға, сондай-ақ халықаралық әріптестермен ықтимал ынтымақтастық бағыттарын талқылауға мүмкіндік берді.
Көрме мамандар мен кең аудитория тарапынан үлкен қызығушылық тудырды — оған 100-ден астам елден келген делегациялар, соның ішінде қорғаныс министрліктерінің, бас штабтардың және жетекші қорғаныс компанияларының өкілдері қатысты.
«Тыныс» АҚ үшін IDEF көрмесіне қатысу — бұл сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейту мен қазақстандық инженерлік ойды халықаралық деңгейде ілгерілетудің маңызды қадамы.
Көрмені жоғары деңгейде өткізгені үшін ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз!

Screenshot