Қызметкерімізбен мақтанамыз!

Зауыт қызметкері Махамбетов Айдар Қырғыз Республикасында өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасында өнер көрсетіп, «Омыртқа сындыру» (Spine Breaking) жарысынан қола жүлдеге ие болды.

2 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы аталған спорт түрінен үшінші орын алып, еліміздің көк туын халықаралық аренада абыроймен қорғады.

Махамбетов Айдарды осы айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қызметкеріміздің спорттағы табысы, жігері мен жеңіске деген ұмтылысын мақтан тұтамыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!