Құрметті машина жасаушылар!

 

Өткен аптада «Тыныс» АҚ-ның Басқарма төрағасы Керейбаев М.Ж. кәсіпорын қызметкерлеріне медальдар мен құрмет грамоталарын табыс етті:

  • «Қазақстан Республикасының Қорғаныс өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен энергетикалық-механикалық қызметінің жабдықтарды комплектациялау бойынша аға инженері Галышев Петр Михайлович марапатталды.

  • «Қазақстан Республикасының Қорғаныс өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен өндірістік бөлімінің аға диспетчері Алибеков Данияр Серикбаевич марапатталды.

  • Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрмет грамотасымен №5 цехтың фрезеровшигі Жапенов Аманжол Болахметович марапатталды.

  • Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрмет грамотасымен №5 цехтың слесарь-аспапшысы Идрисов Курмет Жамалиденович марапатталды.

Сонымен қатар, «Тыныс» АҚ ұжымы мерейтой иелерін де құттықтады:

  • 60 жасқа толған асхананың меңгерушісі Гнатченко Любовь Петровна және 50 жасқа толған №6 цехтың меңгерушісі Садыров Саят Сатыбаевич мерейтойларын атап өтті!

«Тыныс» АҚ басшылығы қызметкерлерге қиын кезеңдердегі табандылығы үшін және өз кәсібіне деген адалдығы үшін зор алғыс білдіреді!