Құрметті әріптестер! Ардақты ардагерлер мен «Тыныс» АҚ қызметкерлері! Сіздерді Зауыт күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке — кәсіпорнымыздың даңқты тарихын тағы бір мәрте еске алып, өз еңбегімен, кәсібилігімен және адалдығымен зауытымыздың дамуына үлес қосып жүрген барша жандарға алғыс білдіретін тамаша мүмкіндік.
Осы мерекелі күні кәсіпорында мазмұнды әрі жарқын мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Қызметкерлер спорттық іс-шараларға, «Табиғат сыйы» байқауына және сәндік-қолданбалы өнер көрме-байқауына қатысып, өз таланттарын, шығармашылық қабілеттері мен шеберліктерін көрсетті.
Мерекелік көңіл күйді дастарқан мен концерттік бағдарлама толықтырып, барша зауыт ұжымына көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады. Мерекелік бағдарламаның ерекше бір бөлігі адал еңбегі, кәсіби шеберлігі және кәсіпорынның дамуына қосқан үлесі үшін қызметкерлерді салтанатты түрде марапаттау болды.
Бұл күн үлкен ұжымымыздың бірлігінің, дәстүрге деген құрметі мен жарқын болашаққа деген сенімінің символына айналсын. Баршаңызға зор денсаулық, амандық, отбасылық бақыт, кәсіби жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз! «Тыныс» АҚ одан әрі дамып, алға қарай нық қадам баса берсін!
Мерекелеріңіз құтты болсын! Зауыт күні құтты болсын!







