ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Қазақстанның XIII Машина жасаушылар форумы және Kazakhstan Machinery Fair 2026 халықаралық көрмесі аясында «Тыныс» АҚ-ның әлеуетін жоғары бағалады.

«Мен «Тыныс» АҚ-ды жақсы білемін, мен онда бірнеше рет болдым. Ірі, сапалы зауыт, жоғары кәсіби деңгейге ие», — деп атап өтті ол.

Іс-шара барысында «Тыныс» АҚ бас директоры Қайрат Қалманбаев қазақстандық кәсіпорындардың ірі жобаларды, оның ішінде Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберіндегі  жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысу мәселесін көтерді.

Премьер-Министр Энергетика министрлігіне Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп барлық ірі жобалар бойынша отандық өндірушілерді барынша тартуды тапсырды.