Машина жасаушы күні

 

 

Ескі дәстүр бойынша, әр жылы қыркүйек айының төртінші жексенбісінде машина жасау саласының қызметкерлері «Машина жасаушы күні» мерекесін атап өтеді. Биыл «Тыныс» АҚ басқармасы Қазақстан Республикасындағы машина жасау саласының дамуына елеулі үлес қосқан және көптеген жылдар бойы мінсіз қызмет еткен жұмысшыларды марапаттады.
Машина жасаушыларға біздің күрделі, бірақ өте қызықты істе өсіп-өркендеуді тілейміз!