«KAZAKHSTAN MACHINERY FAIR 2022»
2022 жылдың 21-23 қыркүйек аралығында Астана қаласында «KAZAKHSTAN MACHINERY FAIR 2022» атты халықаралық мамандандырылған машинажасау және металды өңдеу көрмесі өтті.
Бұл көрме Қазақстандағы жетекші салалық шара болып табылады және машинажасау саласындағы мамандар, мемлекеттік сектор өкілдері мен әртүрлі бизнес қауымдастықтарының негізгі кездесетін орны болып саналады.
«Қазақстан Инжиниринг» ҰК құрамына кіретін Қазақстанның ең ірі машина жасау кәсіпорындары жалпы көрме павильонында ұсынылды.
Атап айтқанда, «Тыныс» АҚ көрмеде азаматтық өнімдер мен өрт сөндіру құралдарын таныстырды. Мысалы, көрме қонақтары кресло-арба жұмысын өздеріне тәжірибеден өткізіп көріп, өрт сөндіру рюкзактарын киіп, құйма өнімдерінің жоғары сапасына көз жеткізді. Көптеген келушілер алғаш рет жасанды тыныс алу аппаратымен және контактіні желілердің бөлшектерімен танысты.
Толығырақ біздің өнімдерімізбен ресми веб-сайтымызда танысуға болады: www.tynys.kz
Барлық қызығушылық танытып, бізді іздеп келгендерге және «Тыныс» АҚ өнімдерімен танысқан қонақтарымызға алғыс білдіргіміз келеді. Мұндай интерактивті оффлайн кездесулер бізді үлкен жетістіктерге жетелейді!
«Тыныс» АҚ әрдайым өз өнімдерін жаңғырту және жаңа жобалармен жұмыс істеуде заманауи құралдарды қолдануға күш салады!