Іс-сапар аясында «Тыныс» АҚ өкілдері елордадағы жетекші машина жасау кәсіпорындарының бірі — «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС кәсіпорнымен танысты.
Зауыт делегациясы құрамында Коммерциялық қызмет жөніндегі бас директордың орынбасары Амиржанов Азамат Жұмабайұлы және аға инженер-конструктор Шуранов Павел Александрович қатысты. Сапардың мақсаты — кәсіпорынның өндірістік үдерістерімен танысу, тәжірибе алмасу және ықтимал ынтымақтастық бағыттарын пысықтау.
Бүгінде зауыт Қазақстандағы теміржол машина жасау саласының дамуына елеулі үлес қосып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ үшін электровоздарды шығару мен қызмет көрсетуді қамтамасыз етуде, сондай-ақ халықаралық серіктестермен, соның ішінде «Әзербайжан темір жолы» АҚ ұйымымен жұмыс жүргізуде.
Осындай жұмыс кездесулер салааралық өзара іс-қимылды нығайтуға, өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға және жаңа перспективалы жобаларды қалыптастыруға ықпал етеді.



