ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ: ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ
Бүгін Ақмола облысы Полиция департаменті «Тыныс» АҚ қызметкерлері үшін құқықтық сауаттылықты арттыруға және интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында кәсіпорын қызметкерлері Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына дропперлік үшін жауапкершілікке қатысты енгізілген өзгерістермен танысты. Сонымен қатар интернет-алаяқтықтың жаңа схемалары және құқыққа қайшы әрекеттерден қорғану тәсілдері туралы ақпарат алды.
Кездесу аясында қаржылық қауіпсіздік пен құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыптарына арналған бейнематериалдар көрсетілді.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, жеке және қаржылық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ олардың құқыққа қайшы әрекеттерге тартылуының алдын алуға ықпал етеді.

