«Біздің мамандар — біздің мақтанышымыз! Роман Шенфельд kazinform.kz сайтына берген сұхбатында зауыттағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті

– Кәсіпорында слесарь-құрастырушыдан цехтің аға инженер-технологына дейін өстім. «Тыныс» – тамаша мектеп. Осы жылдар ішінде құрал-сайман өндірісінің ерекшеліктерін үйрендім, бұл бүгінгі таңда күрделі технологиялық тізбектерді басқаруға мүмкіндік береді. Кәсіпорын тек авиациялық жабдықпен шектелмей, басқа салаларда өндірісін кеңейтуде, – деді ол.