АО “Тыныс” Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды. Уақыт пен ұрпақты жалғастырған, күздің салқын күндерінде жылуын шашқан бұл мереке үлкендерді құрметтеп, қамқорлық көрсететін халқымыздың ежелгі дәстүрін насихаттайды. ⠀

Бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа сіздердің өмір жолдарыңыз өнеге, еңбек жолдарыңыз үлгі. Бүгінгі ұрпақ үшін жасаған бар жақсылықтарыңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Баршаңызға мықты денсаулық, сәттілік пен ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақыт, береке, бірлік тілейміз!