Ағымдағы жылдың 4 маусымында «Крокус Экспо» халықаралық көрме орталығында HeliRussia тікұшақ индустриясы және ұшқышсыз авиациялық жүйелердің халықаралық көрмесі өз жұмысын бастады.

HeliRussia халықаралық көрмесіне АО «Тыныс» атынан Бас директор Қалманбаев Қайрат Жаныбайұлы және сату бөлімінің бастығы Цымбал Наталья Владимировна қатысты.

Аталған іс-шараға қатысу тікұшақ техникасы мен ұшқышсыз авиациялық жүйелер саласындағы жаңа жетістіктермен танысуға, сондай-ақ саланың жетекші кәсіпорындарының өкілдерімен іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.