2026 жылғы 1–3 сәуір аралығында Астана қаласында өңдеуші өнеркәсіпке арналған жабдықтар мен технологиялардың жетекші өндірушілері, жеткізушілері және тұтынушыларын біріктірген Kazakhstan Machinery Fair – 2026 халықаралық көрмесі өтті.

Зауыттың маркетинг бөлімі мен техникалық департаменті аталған көрмеге белсенді қатысып, кәсіпорын өнімдерін таныстырды.

«Тыныс» АҚ көрмеге келген барлық мүдделі тұлғаларға алғыс білдіреді. Көрме аясында қонақтар саланың соңғы үрдістерімен танысып, жаңа іскерлік байланыстар орнатып, кәсіби даму мүмкіндіктерін кеңейтті.