Дәнекерлеу, фрезерлеу, токарлық өңдеу, тегістеу жұмыстары

Дәнекерлеу — металл бөлшектерін қыздыру және балқыту арқылы біріктіру процесі.
Қолданылуы:металл құрылымдарын, құбырларды, машиналарды жасау және жөндеу.
Ерекшеліктері:

  • Мықты, ажыратылмайтын қосылыс
  • Біліктілікті және қауіпсіздік техникасын қатаң сақтауды талап етеді

Фрезерлеу — бұл металды немесе басқа материалдарды фреза (кескіш құрал) арқылы механикалық өңдеу әдісі.
Қолданылуы: ойықтар, арналар, беріліс тістері мен күрделі пішінді бөлшектерді жасау.
Артықшылықтары:

  • Жоғары дәлдік
  • Күрделі беттерді өңдеу мүмкіндігі

Токарьлық өңдеу — айналмалы дайындаманы кескіш құралмен механикалық өңдеу процесі.
Қолданылуы: біліктерді, гильзаларды, шайбаларды, бұрандаларды жасау.
Ерекшеліктері:

  • Негізінен дөңгелек бөлшектер өңделеді
  • Жоғары өнімділікке қол жеткізуге болады

Шлифовка — бұл абразивті құралдар арқылы бөлшек бетінің тазалық және дәлдік параметрлеріне жеткізілетін соңғы өңдеу процесі.

Қолданылуы: бөлшектердің бетін қажетті дәлдік пен тазалыққа дейін өңдеу.
Нәтиже:

  • Тегіс, жылтыр бет
  • Өлшемдердің жоғары дәлдігі