ОПК кәсіпорындарының өнімдерін таныстыру

 

21 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында «Kazakhstan Aselsan Engineering» ЖШС базасында ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттарына арналған ОПК кәсіпорындарының өнімдерін таныстыру шарасы өтті.

Көрмеге «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахманов қатысты. Бұл көрме ҚР ИИДМ қолдауымен ұйымдастырылды. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары ұсынылған өнімдермен танысып, қорғаныс-өнеркәсіп кешені өндірістеріндегі өзекті мәселелер мен даму перспективалары талқыланды.

Көрме қонақтары «Тыныс» АҚ өнімдерінің сапасын жоғары бағалап, әсіресе броньдалған панельдер мен өрт сөндіру құралдарына ерекше назар аударды.