Мемлекеттік рәміздер күні
4 маусым – Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтеді.
1992 жылдың маусым айында тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Бұл күн – еліміздің тарихында мәңгілік сақталатын маңызды дата, өйткені дәл осы күні жаңа мемлекеттік рәміздеріміз – Ту, Елтаңба және Әнұран дүниеге келді.
Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекеттің берік негіздерінің бірі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы «Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына толықтыру енгізу туралы» және 1998 жылғы 20 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіби және басқа да мерекелер туралы» Жарлықтарына сәйкес, 4 маусым елімізде Мемлекеттік рәміздер күні ретінде тойланады.
Барша қазақстандықтарды осы маңызды мерекемен құттықтаймыз!