Арнайы жоба «Туған жер»
15.06.22 ж. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Туған жер» арнайы жобасы шеңберінде Облыстық «Балалар-жасөспірімдер туризм, өлкетану және экология орталығы» Ерейментау ауданының оқушылар тобымен бірге «Тыныс» АҚ-на келді.
Кәсіпорынның жас қонақтары зауыттың өндірістік процестерімен танысып, амуниция мен азаматтық өнімдерді өндіру кезеңдері туралы білді, сондай-ақ өндірістік алаңдардың ауқымына таң қалды. Бұл экскурсия әрі танымдық, әрі тәрбиелік сипатқа ие болды – мысалы, балалар химия мен физиканың белгілі заңдарының өндірісте қалай қолданылатынын өз көздерімен көрді.
Сонымен қатар, қонақтарымыз үшін зауыттың өндірісі мен өнімдері туралы сұрақтары бар викториналық ойын ұйымдастырылды. Балалар өте зейінді және ізденімпаз болды.
Олардың бұл қасиеттерінің арқасында әрбір дерлік оқушы «Тыныс» АҚ-нан сыйлықтар мен кәдесыйларға ие болды.
Экскурсия барысында және викторина қорытындысы бойынша балалар инженерлер мен технологтардың жұмысына үлкен қызығушылық танытты. Көбісі бұған дейін бұл мамандықтарды қызықсыз деп ойлағанын мойындады, бірақ нағыз кәсіпқойлармен танысқаннан кейін олардың көзқарасы өзгеріп, болашақта техникалық мамандықты таңдауға ниет білдірді.
Балаларға зауыт өмірін көрсеткенімізге қуаныштымыз және болашақта олар таңдаған мамандықтың лайықты өкілдері болатынына сенеміз!