9 Мамыр құтты болсын!
Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтап, олардың ерен еңбегін ерекше атап өткіміз келеді. Олар ұзақ жылдар бойы біздің кәсіпорынның игілігі үшін аянбай еңбек етті.
Бұл Жеңіс – аға буынның жанқиярлық күресінің жемісі, бізге бейбіт өмір сүріп, еңбек етіп, сүйіп, балалар мен немерелерімізге қуаныш сыйлау мүмкіндігін берді. Біз Отан қорғаушылардың ерлігіне бас иеміз.
Біз тыл еңбеккерлеріне шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Аштық пен ауыртпалыққа қарамастан, олар Жеңіс үшін бар күш-жігерін жұмсады. Соғыстан кейінгі қиын жылдары сіздер қираған қалаларды қалпына келтіріп, зауыттарды қайта тұрғызып, халық шаруашылығын дамытуға атсалыстыңыздар.
Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, бақыт пен қуаныш, жарқын болашаққа сенім және бейбіт аспан тілейміз.
Өкінішке орай, жыл сайын құрметті ардагерлеріміздің қатары сиреп барады. Алайда олардың ерліктеріне деген жарқын естелік ешқашан өшпейді, жүрегімізде мәңгі сақталады деп сенеміз!
Ізгі дәстүріміз бойынша, жыл сайын «Тыныс» АҚ өкілдері ардагерлерімізге барып, оларға материалдық көмек көрсетіп, өмірден өткен батырлардың жақындары мен туыстарын назардан тыс қалдырмайды.
Ұлы Отан соғысының барлық ардагерлеріне және еңбек майданына қатысушыларға шынайы алғысымызды және терең құрметімізді білдіреміз!
Құрметпен,
Керейбаев М.Ж.
«Тыныс» АҚ Бас директоры