KZ  RU 

Өндіріc

«Тыныс» АҚ өндірісті дамытуда көп жылдық тәжірибесі бар көп салалы кәсіпорын болып табылады. Зауыттың негізгі қызметі азаматтық мақсаттағы өнім өндіруге бағытталған, кәсіпорында 100-ден астам өнім атауы (полиэтилен құбырлары, медициналық мақсаттағы өнімдер, газ бекіту арматурасы, байланыс желісінің бөлшектері, өрт сөндіру құралдары және т.б.) шығарылады.
«Тыныс» АҚ бірнеше инвестициялық жобаларды іске асырды, олардың бірі неміс өндірушісі Krauss Maffei жабдығында диаметрі 10-нан 1000 мм-ге дейінгі полиэтилен құбырларын өндіру болып табылады. Бұл жоба ел халқын таза ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясат шеңберіндегі маңызды қадам болды. Бүгінгі таңда кәсіпорын әртүрлі диаметрлі полиэтилен құбырларын шығарады.
Кәсіпорын өндірістік қуаты жылына 1000 тоннаға дейін газдандырылатын модельдерді құю өндірісін игеру бойынша инвестициялық жобаны іске асырды. Бұл жоба кәсіпорынға өнім ассортиментін кеңейтуге және ауылшаруашылық, теміржол және мұнай-газ салаларының қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, «Тыныс» АҚ жеке қорғаныс құралдары мен дене сауыттарды өндіруді игерді. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының күш құрылымдары үшін дене сауыттары мен амуницияның негізгі өндірушілерінің бірі болып табылады.
«Көкшетауда өндірілген арнайы қорғаныс киімдерін Ресей мен Беларусьтің күш құрылымдары да сатып алды» деген тезис шындыққа жанаспайды.
«Тыныс» АҚ тарихында экспортқа қару-жарақ пен әскери техниканы өндірмеген және жеткізбеген, кәсіпорын әскери зауыт болып табылмайды.