KZ  RU 

KAZAKHSTAN MACHINERY FAIR 2023

Осы жылдың 10-12 мамыр аралығында елордада машина жасау және металл өңдеу бойынша «KAZAKHSTAN MACHINERY FAIR 2023» IV Халықаралық мамандандырылған көрмесі (бұдан әрі – Көрме) өтті.
Жыл сайын қазақстандық және халықаралық компаниялар металл өңдеу және машина жасау жабдықтары мен технологияларының жаңалықтарын ұсынады. «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ қолдауымен кәсіпорын осы көрмеге қатысуға және авиациялық мақсаттағы жаңа өнімді таныстыруға мүмкіндік алды.
Естеріңізге сала кетейік, «Тыныс» АҚ және Pall Aerospace (Англия) біздің кәсіпорын базасында "Pure Air" шаң қорғау қондырғысын өндіру бойынша бірлескен жобаны іске қосты.
Биылғы жылы кәсіпорын МИ-8АМТ, МИ-171 тікұшақтарына «Pure Air» типті шаң өткізбейтін құрылғыны (ШӨҚ) орнатуды және олардың модификацияларын таныстырды. «PURE AIR» жүйесі МИ-171 тікұшағының электр станциясын ауадағы ластаушы бөлшектерден қорғауға арналған екі модульден тұрады.
Бұл жоба қазірдің өзінде көптеген оң пікірлерге ие, соның ішінде «Украинские вертолеты» Әуекомпаниясы ЖАҚ-дан ШӨҚ орнату ұшу қауіпсіздігін арттырып, түзетуді алып тастамай шаңды жерлерде жұмыс істеуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.