2026 жылғы 18 қарашада «Тыныс» АҚ-ға Ақмола облысының әкімі Ахметжанов Марат Мұратұлы жұмыс сапарымен келді.
Делегация құрамында Көкшетау қаласының әкімі Күмпекеев Әнуар Қайыргелдіұлы және Ақмола облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Алиев Али Мұхаммедұлы болды.
Кездесу барысында делегация өкілдері кәсіпорынның қызметімен, өндірістік қуатымен, технологиялық үдерістерімен және шығарылатын өнім түрлерімен танысты.
Зауыттың Бас директоры Калманбаев Кайрат Жаныбайұлы кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттарын таныстырып, өндірістік мүмкіндіктері туралы баяндады. Сонымен қатар отандық өндіріс өнімдерін, оның ішінде пайдалану қауіпсіздігін арттыруға бағытталған заманауи жабдықтармен жинақталған тұрмыстық газ баллондарын көрсетті.
Сапар барысында өндірісті дамыту, өндірістік мүмкіндіктерді кеңейту және отандық өнеркәсіптік әлеуетті нығайту мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.
«Тыныс» АҚ сапа мен сенімділік қағидаттарын ұстана отырып, өз өндірісін дамыту және өңір өнеркәсібінің өркендеуіне үлес қосу бағытындағы жұмысын жалғастыруда.
Делегацияға сапары, кәсіпорын қызметіне көрсеткен назары және өнімдерімізге танытқан қызығушылығы үшін алғыс білдіреміз!
