Втулка-центрлеуші

Белгіленуі

Штанга өлшемі

НКТ өлшемі (сыртқы)

Центрлеуші втулканың сыртқы диаметрі

мм дюйм мм дюйм
РР.031.204.258 19,05 3/4 73 2-7/8 53
РР.031.204.258-01 22,23 7/8 73 2-7/8 53

 

 

 

 

Втулка-центрлеуші сораптық штангалар мен НКТ-ның тозуын болдырмауға, сондай-ақ сораптық штангалардың НКТ-ны тесіп қажауынан туындайтын УШГН және УШВН істен шығуларының санын азайтуға арналған.

Өндіру барысында антифрикциялық қасиеттері бар, «құрғақ» үйкеліске төзімді және ұңғымада бірнеше рет пайдалануға мүмкіндік беретін, тозуға төзімді эластомерлер қолданылған.

Втулкалар-центрлеушілер мұнайды штангалы сорап арқылы өндіру жүргізілетін жерде тікелей орнатылады.

СОРАПТЫҚ ШТАНГАЛАРҒА ВТУЛКАЛАР-ЦЕНТРЛЕУШІЛЕРДІ ОРНАТУДЫҢ МҮМКІН ТӘСІЛДЕРІ:

1-мысал:

  • Сораптың үстіндегі алғашқы екі штангаға: екі втулкадан — біреуі муфтаның жанында, екіншісі штанганың ортасында.
  • Штангалар тізбегінің төменгі үштен бір бөлігінде жиі қолданылатын тәсіл: әр штангаға бір втулка-центрлеушіден, муфтаның үстіне, 30–50 см қашықтықта.
  • Штангалар тізбегінің ортаңғы үштен бір бөлігінде сирек: әр екінші штангаға бір втулка-центрлеушіден.
  • Штангалар тізбегінің жоғарғы үштен бір бөлігінде ең сирек: штанганың тозуы байқалатын әрбір орынға бір втулка-центрлеушіден.

2-мысал:

  • Жер бетінен 500 метрге дейін — әдетте втулка-центрлеушіні орнату талап етілмейді, себебі штангалар тізбегі, әдетте, түзу сызықты болады (тек қажалу байқалатын жерлерге орнатылады. Мысалы, егер ол жерде 1 дюймдік штанга болса, PRG2510 центрлеушісі орнатылады).
  • 500 м-ден 800 м-ге дейін — әр штангаға бір втулкадан орнатылады (әдетте бұл аралықта өлшемі 7/8 дюйм болатын штангалар болады, сондықтан PRG2578 втулка-центрлеушісі орнатылады).
  • 800 м-ден 2000 м-ге дейін — әр штангаға бір втулкадан орнатылады (әдетте бұл аралықта өлшемі 3/4 дюйм болатын штангалар болады, сондықтан PRG2534 втулка-центрлеушісі орнатылады).
  • 2000 м-ден 3000 м-ге дейін — әр штангаға екі втулкадан орнатылады (әдетте бұл аралықта өлшемі 3/4 дюйм болатын штангалар болады, сондықтан PRG2534 втулка-центрлеушісі орнатылады).

Сол сияқты 2 дюймдік НКТ-ға PRG2078, PRG2034 және PRG2058 втулка-центрлеушілері орнатылады.

Сонымен қатар, қажалу байқалатын әрбір орынға қосымша втулка-центрлеуші орнатылады.



Бағасы сұраныс бойынша 📞 Сату бөлімі: +7 (7162) 25-47-19 📞 Тапсырыс қабылдау бөлімі: +7 (7162) 25-00-61