«Тыныс» АҚ-ның 67 жылдығына арналған Зауыт күні қарсаңында біз кәсібилігі, өз ісіне деген адалдығы және күнделікті еңбегі кәсіпорнымыздың тарихы мен дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды еңбегін атап өтіп, марапаттадық.

«Тыныс» АҚ-ның ардагерлеріне айрықша алғысымызды білдіреміз. Дәл сіздер бүгінгі жетістіктеріміздің берік негізін қалап, сапа, жауапкершілік және нағыз кәсіби шеберлік дәстүрлерін қалыптастырып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткіздіңіздер.

Кәсіпорынның дамуына қосқан көп жылғы еңбегі мен елеулі үлесі үшін зауыт қызметкерлері құрметпен:
1.Зауыт ардагерлері тақтасына
2.Зауыттың Құрмет тақтасына
3.Ұстаздар тақтасына

енгізілді.

Бұл марапаттардың әрқайсысы – жай ғана жетістікті мойындау емес, өз еңбегімен зауыт тарихын қалыптастырып, кәсіби білімі мен тәжірибесін кейінгі буынға жеткізіп, кәсіпорынның болашағын айқындап жүрген жандарға деген зор құрметтің белгісі.

Сіздерге баға жетпес тәжірибелеріңіз, парасат-пайымдарыңыз, мамандыққа деген адалдықтарыңыз бен өз ісіңізге деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамыз!

Зауыттың талай буын қызметкерлері қалыптастырған дәстүрлер жалғасын тауып, бүгінде туған кәсіпорынның игілігі үшін еңбек етіп жүрген жандарға әрдайым үлгі болсын!

«Тыныс» АҚ – 67 жылдық тарих, қажырлы еңбек және біз мақтан тұтатын адамдар!