2026 жылғы 10 шілдеде «Тыныс» АҚ отандық жетекші өндірушілер қатарында өз өнімдерін ұсынып, «Қазақстанның үздік тауары – 2026» Республикалық конкурс-көрмесіне қатысты.
Көрме аясында кәсіпорын жоғары сапа деңгейін, өндірістік әлеуетін және тұрақты даму бағытындағы ұстанымын көрсететін шығарылатын өнімдерінің кең ассортиментін таныстырды.
Конкурс-көрмеге қатысу тәжірибе алмасуға, серіктестермен және сала өкілдерімен іскерлік байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ кәсіпорынның жетістіктерін кең аудиторияға таныстыруға мүмкіндік берді.
Кәсіпкерлікті дамытуға белсенді қатысып, үлес қосқаны үшін Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасы «Тыныс» АҚ-на шынайы алғысын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.
«Тыныс» АҚ заманауи өндірістік тәсілдерді енгізіп, нарық талаптарына сай сапалы өнім шығаруға бағытталған сенімді отандық өндіруші ретінде өз дамуын жалғастыруда.




