2026 жылғы 22 мамырында Ұлттық «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ЭКСЖ жобасы аясында өндірісті дамыту және отандық өнім үлесін арттыру мәселелеріне арналған семинар-кеңес өтті.

Ұлттық жобаның негізгі мақсаты — энергия өндіруші қуаттар мен коммуналдық инфрақұрылымның тозу деңгейін төмендету, сондай-ақ нысандарды жаңғырту барысында отандық өндірушілердің өнімдерін барынша кеңінен пайдалану.

“Тыныс” АҚ семинар-кеңеске белсенді қатысып, жергілікті өндірісті дамытуға және елдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдады, сондай-ақ Ұлттық жобаны іске асыру аясында өз ұсыныстары мен идеяларын ұсынды.

Отандық өндірісті дамыту — тұрақты болашаққа қосылған үлес, кәсіпорындар үшін жаңа мүмкіндіктер және Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.