«Тыныс» АҚ-ның 1-цех термисті Аяпбергенов Қайырбек Хамитович «Құрметті машина жасаушы» э атағына ие болды!

Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумы аясында салтанатты марапаттау рәсімі өтіп, машина жасау саласының дамуына елеулі үлес қосқан 20 үздік маман жоғары марапатқа ие болды. Солардың қатарында — біздің әріптесіміз, өз ісінің жоғары деңгейдегі кәсіби маманы Аяпбергенов Қайырбек Хамитович.

Қайырбек Хамитович — көпжылдық тәжірибесі бар білікті термист, терең білім мен мінсіз шеберлік иесі. Оның жұмысқа деген жауапкершілігі, әрбір бөлшекке мұқият қарауы және үнемі жетілуге деген ұмтылысы әріптестеріне үлгі болып, өндірістің тұрақты әрі сапалы жұмысына зор үлесін қосып келеді.

Шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, табыс және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!