«Тыныс» АҚ Қазақстан машина жасаушылардың XIII форумында!
Астанада Қазақстан машина жасаушылардың XIII форумы өз жұмысын аяқтады – бұл саланы одан әрі дамыту мәселелерін талқылауға арналған мемлекет пен бизнес арасындағы басты диалог алаңы.
Форум екі күн бойы өтті, оған 1000-нан астам қатысушы, соның ішінде 20 елден 100-ден астам шетелдік делегат қатысуда. Негізгі назарда – өнеркәсіптік саясат, цифрландыру, роботтандыру және инвестициялар тарту мәселелері.



