«Тыныс» АҚ мен Вологда мемлекеттік университеті арасындағы Ынтымақтастық Меморандумына сәйкес ұйымдастырылған танысу сапары аясында Инфрақұрылымды дамыту және кешенді қауіпсіздік жөніндегі проректор Алябьев Алексей Алексеевич кәсіпорынның өндірістік қуаттарымен толық танысты.

Кәсіпорынның негізгі өндіріс аймақтары, технологиялық желілері және шығарылатын өнімдердің тізбесімен толықтай танысты. Ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше көңіл бөлінді.

Танысу нәтижесінде «Тыныс» АҚ Бас директоры Қалманбаев Қайрат Жаныбайұлы мен зауыттың басқарушы құрамымен талқылау өткізілді. Тараптар практикалық өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Өндірістік және білім беру салаларында ұзақ мерзімді бірлескен бастамаларды жүзеге асыру үшін серіктестік байланыстарды нығайтуға өзара мүдделілік атап өтілді.