KZ  RU 

 

    Ағымдағы жылдың сәуір айында «Қазақстан Инжиниринг ҰК» АҚ» (бұдан әрі - Компания) басшылығы атынан компанияның Басқарма төрағасы - Әбдірахманов Теміржан Қайратұлы «Тыныс» АҚ-на іскерлік сапармен келді.
    Басқарма Төрағасын кәсіпорынның өндірістік алаңдарымен таныстыру барысында зауыттың жалпы экономикалық жағдайын, проблемалық мәселелерді және өндірістің азаматтық бағытын дамыту мақсатын талқыланды.
    Кәсіпорын өнімдерінің номенклатурасы мен сату арналарын кеңейтудің талқылауына көп көңіл бөлінді.