KZ  RU 

Мемлекеттік рәміздер

 

4 маусымда Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі.

1992 жылдың маусымында тәуелсіз Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Бұл күн еліміздің тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұранның туған күні ретінде мәңгі қалады.

Мемлекеттік рәміздер-мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 4 маусымдағы және "Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы" 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес республикада 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер күні мерекеленеді.

Қазақстандықтарды осы маңызды мерекемен құттықтаймыз!