KZ  RU 

9 мамыр құттықтау

  

Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында біздің кәсіпорынның игілігі үшін ұзақ жылдар бойы еңбек еткен Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтағым және атап өткім келеді.
Аға буын өкілдерінің бұл жеңісі бізге бейбіт өмір сүруге, жұмыс істеуге, сүюге, балалар мен немерелерге қуаныш сыйлауға мүмкіндік берді.

Біз тыл еңбеккерлеріне шексіз ризамыз. Ашаршылық пен күйреу заманында Жеңіс үшін бар күш-жігерін жұмсады. Соғыстан кейінгі қиын жылдары қираған қалаларды және зауыттарды қалпына келтірдіңіз, халық шаруашылығын құрдыңыз.

Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, бақыт пен қуаныш, жарқын болашаққа сенім және бейбіт аспан тілейміз.

Өкінішке орай, жыл сайын құрметті ардагерлердің саны азаяды, бірақ олардың ерлігі туралы жарқын естелік ешқашан өшпейді және менің ойымша, ол біздің жүрегімізде мәңгі өмір сүреді!
Қалыптасқан жақсы дәстүр бойынша жыл сайын "Тыныс" АҚ өкілдері ардагерлерімізге барып, өмірден өткен ардагерлердің туыстары мен жақындарына материалдық қолдау көрсетіледі.
Ұлы Отан соғысының барлық ардагерлері мен еңбек майданының қатысушыларына біздің шын жүректен алғысымыз бен терең құрметіміз!

Құрметпен,
М.Ж. Керейбаев
"Тыныс" АҚ Бас директоры